$ 541.45  631.17  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана аспанында белгісіз нысан көрінді (ВИДЕО)

Мамандар олардың қайдан шыққанын зерттеп жатыр

Астана аспанында белгісіз нысан көрінді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Астана аспанында жарқыраған белгісіз нысандар ұшып өтті. Елорда тұрғындары әлеуметтік желіде оның фотосуреттері мен видеоларын таратып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Интернет қолданушылардың айтуынша мұндай ерекше құбылыс Қарағанды ​​мен Теміртауда да байқалған. Кейбіреулер Шымкентте, Бурабайда, тіпті Бішкек пен Ташкентте де көргенін айтты.

Ақпарат тексеріліп жатыр

Видеоға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, олар аспандағы денелердің қайдан шыққанын нақтылап жатыр.  

"Астана аспанында байқалған құбылыс туралы келіп түскен ақпаратты тексеріп жатырмыз. Бейінді қызметтермен бірлесіп талдау жүргізілуде. Барлық мәлімет нақтыланған соң ресми түсініктеме беріледі", - деп хабарлады министрлік.

Қорғаныс министрлігі не дейді

Ал Қорғаныс министрлігі Қазақстан аумағында әуе кеңістігін бұзу фактілері тіркелмегенін хабарлады.

Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында. Ведомство тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ деп атап өтті.

"Бұл құбылыс атмосфераға кірген ғарыш аппараты сынықтарының қалдықтарына немесе метеорит ағынына ұқсайды. Әдетте, олардың барлығы жер бетіне жетпей, атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетеді", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Шенеуніктер азаматтардан сабыр сақтап, жалған ақпарат таратпауды сұрайды. Құзырлы органдар бұл құбылысты зерттеп, түсініктеме береді.

Серіктес жаңалықтары