$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Цифрлық даму министрлігі Астанада көрінген нысан не нәрсе екенін түсіндірді

Алдын ала болжам бойынша ғарыш объектілерінің бірі атмосфераға енген

Цифрлық даму министрлігі Астанада көрінген нысан не нәрсе екенін түсіндірді
Фото: видеодан скрин

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Астана аспанында ұшып өткен нысандарға қатысты толыққанды түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Не ұшып өтті

Шенеуніктердің алдын ала болжамы бойынша бұрын орбитада болған ғарыш нысандарының бірі атмосфераға енген. Бұл құбылысқа Орталық және Солтүстік Қазақстан, соның ішінде Астана, Қарағанды, Павлодар және Қостанай қалаларының тұрғындары куә болды.

Ғарыш қоқыстарының қозғалысын қадағалайтын халықаралық ұйымдардың мәліметі бойынша осы уақыт аралығында үш оқиға тіркелді:

Қытайлық ZQ-2E зымыранының үдемелі блогы

  • Кіру уақыты: 5 маусым Астана уақыты бойынша шамамен 22:40
  • Нысан: LandSpace компаниясы 17 мамырда іске қосқан Zhuque-2 Enhanced зымыранының сатысы
  • Ерекшеліктері: Экологиялық таза отын (сұйық метан және оттегі) пайдаланылады, жану кезінде жарқырауы мүмкін.

«Бұл нысан қазақстандықтар байқаған нысанның ұшу уақытына дәлірек сәйкес келеді», - деп атап өтті министрлік.

STARLINK-1631 жерсерігі (SpaceX)

  • Кіру уақыты: Алматы уақыты бойынша 6 маусым 03:41
  • Ескі спутниктердің бірінің орбитадан жоспарлы шығуы

Жапонның H-2A R/B зымыранының үдемелі блогы

  • Кіру уақыты: Алматы уақыты бойынша 6 маусым 00:36
  • Нысан пассивті шығу режимінде болды.

«Қазіргі уақытта қандай да бір фрагменттің Қазақстан Республикасының аумағына құлауы немесе залал келтіруі туралы расталған дерек жоқ», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары