$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бетінен сүйемін»: 90-нан асқан ата мен әженің әзілі желіде хит болды (ВИДЕО)

Әбіләкім ата мен Рая әже бірге қартайып, шынайы махаббат пен құрметтің үлгісін көрсетіп отыр

«Бетінен сүйемін»: 90-нан асқан ата мен әженің әзілі желіде хит болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде 90-нан асқан ата мен әженің әзілі хит болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әбіләкім ата 92, Рая әже 90 жаста. Әлі күнге екеуінің де қимылы ширақ. Ешкімге күні қараған емес.

«Таңертең 6-да тұрамын. Бір стақан су ішемін. Алматыда тұрамыз, стадионға барып, соны 3-4 рет айналамын. Жаттығу жасап, үйге келемін. Содан кейін апаңның шайын ішіп, газет оқимын. Сосын бетінен сүйіп, рахметімді айтамын. Әйтпесе ертесіне шай бермейді», - деп қалжыңдады Әбіләкім ата.

Рая әже де әзіл-қалжыңнан құралақан емес екен.

«Бәрі керемет деп ойламаңдар. Кейде шайын уақытында бермесең, тырысып қалады. Біз ұрысқанда үйде «торнадо» болады», - деп әзілдеді әжей.

Ақсақал оны іліп әкетіп: «торнадо ештеңе емес, дала дауылы тұрады. Бір кезде бұрқырап-бұрқырап басылады» деп әңгімені тұздықтады.

«Сосын апаң тыныш отырмайды, үйде сүт жоқ, қаймақ жоқ деп, мына шалды сандалтып жібереді», - деп күлді Әбіләкім ата.

Серіктес жаңалықтары