$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында ақша табудың оңай жолын таңдаған тұрғын істі болды

Ол анасының рұқсатынсыз оның атынан кредит алған

Ақмола облысында ақша табудың оңай жолын таңдаған тұрғын істі болды
Фото: Azattyq Rýhy

Ақмола облысында анасының атынан кредит алған ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сандықтау ауданында 61 жастағы ауыл тұрғыны полициядан көмек сұраған.

"2025 жылдың 3 маусымында аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, алаяқтық әрекеттің құрбаны болғанын жеткізген. Әйел наурыз айында белгісіз біреулер өзінің атынан 695 мың теңге көлемінде кредит алғанын айтқан. Оған белгісіз нөмірден ешкім қоңырау шалмаған және күдікті сілтемені баспаған", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Тергеушілер кредитті оның құжаттары мен ұялы телефонына еркін қол жеткізе алатын жақын туыстарының немесе таныстарының бірі алған болуы мүмкін деп жормалдаған. Бұл болжамды тексеру барысында полицейлер арызданушының өз ұлының қатысы барын анықтады. Ер адамға ақша керек болып, оны алудың оңай жолын тапқан.

Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті шаралар қабылдануда, оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары