«Осындайларыңды қойыңдаршы»: Елдос Сметовке анасы пранк жасады (ВИДЕО)
Елдос анасының сұрағына не деп жауап берерін білмей тосылып қалған

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке жақындары пранк жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан Елдос Сметов үйге кірген кезде анасы перде сататын кісімен ұрысып тұрғандай кейіп танытады.
«Не мынау, перде дегеннің арты осылай ашық тұра ма?! Маған мүлде ұнамады. Өзімнің тіктіретін адамым бар еді. Мынадай болатынын білмедім. Бекер келісіппін. Саған ұнап тұр ма?», - деп сұрайды Елдостың анасы.
Сол кезде Елдос не дерін білмей тосылып қалады. Желі қолданушыларының бір бөлігі чемпионды анасының сөзінен шыға алмайды екен, өз ойын айта алмады деп сынаса, енді бірі еркек деген осындай ұстамды болуы керек деп қуаттаған.
«Өзінің ойы жоқ», «Үйдің тірлігіне араласпайтыны көрініп тұр. Анам ренжіп қала ма деп уайымдап кетті ғой», «Елдос нағыз азамат екен. Анасының да, Айсұлудың көңілін жықпай тұр. Осындай пранктарыңды қойыңдаршы», - деп жазды желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Баян Алагөзоваға қызы пранк жасаған болатын. Айсәуле Бақытбек отбасылық әңгіменің үзіндісін Instagram парақшасында жариялады. Онда Айсәуле «кешті достарыммен бірге өткізейін деп едім, үш баламды қарай тұрыңызшы» деп өтініш айтады. Алайда Баян Алагөзова бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсылық білдірген.