$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.06.2020, 11:01
Жаңалықтар

Қарағанды облысында коронавирус белгілерімен 50 адам тіркелді

Облыста коронавирус індетін жұқтырған 1238 адам тіркелді

Қарағанды облысында коронавирус белгілерімен 50 адам тіркелді
Фото: РИА Новости

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 50 адам тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 50 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және бұған дейін ауырған адамдармен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.

«Облыс бойынша атап айтсақ, Қарағанды қаласында – 41 адам, Теміртау қаласында – 1, Саран қаласында – 1, Абай ауданында – 1, Шет ауданында 6 адам анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ошақтарда дезинфекция жүргізілді.

9 маусымдағы ахуал бойынша облыста коронавирус инфекциясымен жалпы 1238 адам анықталды, оның ішінде 6 адам көз жұмған және 530 пациент жазылып шыққан.

Серіктес жаңалықтары