04.06.2025, 13:28
Жаңалықтар
Шымкентте такси жүргізушісін тырнап, көлігін бүлдіріп кеткен әйел адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
Қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді
Фото: Видеодан скрин
Шымкент қаласында әйел адам такси жүргізушісін тырнап, көлігін бүлдіріп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу және сараптама нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды