04.06.2025, 13:40
Жаңалықтар
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Бүгінге дейін Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы болып қызмет етті
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Гүлзат Ізбасарқызы Көбенова ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
- Еңбек жолын 1998 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті тарих кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
- 2002-2009 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде және Ақтөбе педагогикалық институтында басшылық қызметтер атқарды.
- 2009-2010 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің ақпарат басқармасының сарапшысы, басшысы.
- 2010-2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде түрлі лауазымды қызмет атқарды.
- 2018-2019 жылдары – ҚР тұңғыш президенті – елбасы Н. Назарбаев кітапханасы директорының орынбасары.
- 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында ҚР Президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі және инспекторы болып жұмыс істеді.
- 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы қаңтарға дейін – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы.
- 2020-2022 жылдары – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы.
- 2022-2023 жылдары – ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы.
- 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы болып қызмет етті.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды