04.06.2025, 10:57
Жаңалықтар
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді: эпицентрі – Жетісу облысында
Жер сілкінісінің эпицентрі Жетісу облысының аумағында орналасқан
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 маусым күні Астана уақытымен 08:06-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Эпицентрі – Жетісу облысында
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 300 шақырым жерде, Жетісу облысының аумағында орналасқан.
Зардап туралы ақпарат жоқ
Жер сілкінісінің сезілгені туралы мәліметтер түскен жоқ. Қазіргі уақытта зардаптар немесе дүмпулер туралы ресми хабарланбаған.
Алдыңғы сілкініс
Еске салайық, 27 мамыр күні күндіз Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде 2 балдық жер сілкінісі болған еді.
Көп оқылған
16.05.2026, 10:38
Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды
16.05.2026, 08:31
Конгода қауіпті вирус тарап жатыр: 65 адам көз жұмды
16.05.2026, 07:19
Қазақстанның бірқатар өңірінде 35 градусқа дейін ыстық күтіледі
16.05.2026, 06:26
Алматы тау бөктерінде кәріз суының салдарынан көшкін жүрді
16.05.2026, 10:08
Алматы мен тағы үш қалада ауа сапасы нашарлайды
16.05.2026, 12:56
ШҚО-да қолөнершілер екі бірдей әлемдік рекорд орнатты