04.06.2025, 10:45
Жаңалықтар
Маңғыстау облысында 218 млн теңге салық төлемеген адамның үстінен іс қозғалды
Оған бірнеше рет ескерту жіберілген
Фото: istockphoto.com
Маңғыстау облысының прокуратурасы салық заңнамасының орындалуына талдау жүргізу барысында ірі заңбұзушылықты анықтады. Жеке тұлға мүліктік табыстан 218 миллион теңге көлемінде салық төлемеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Салық кодексі не дейді?
Салық кодексінің 330-бабына сәйкес, Қазақстан аумағындағы мүлікті сату кезінде құн өсімінен түскен табыс салық салынатын кіріске жатады. Бұл – заң бойынша міндетті төлем.
Салық төлеуші ескертуге қарамастан төлемеген
Салық органдары жолдаған бірнеше ескерту-хатқа қарамастан, салық төлеуші тексеру нәтижесінде есептелген соманы төлеуден бас тартқан.
Қылмыстық іс қозғалды
Осы дерекке байланысты облыс прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 244-бабы (салық және басқа да міндетті төлемдерден жалтару) бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады.
Көп оқылған
17.11.2026, 12:41
ҚазҰУ-дегі студенттің қазасынан кейін проректор мен факультет деканы жұмысынан кетті
17.11.2026, 09:55
Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытуға мықтап кіріскен көрінеді
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
