$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтардың жүрегін елжіретті: «AMANAT» партиясының қасбетіне ілінген ту Қазнетті таңқалдырды

«AMANAT» партиясы төрт жыл қатарынан «Менің елім – Менің туым» республикалық акциясын өткізуде

Қазақстандықтардың жүрегін елжіретті: «AMANAT» партиясының қасбетіне ілінген ту Қазнетті таңқалдырды
Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астанадағы «AMANAT» партиясы Орталық аппараты ғимаратының қасбетіне көлемі 24х12 метрді құрайтын мемлекеттік алып ту ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Партия белсенділерінің бастамасымен жүзеге асырылған «Менің елім – менің туым» акциясы ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың жарқын үлгісіне айналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аспан түстес Көк байрақ бостандықты, бейбітшілік пен бірлікті бейнелейді. Сондай-ақ ол азаматтардың жүрегінде мақтаныш сезімін оятып, патриотизмге үндейді.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы төрт жыл қатарынан «Менің елім – Менің туым» республикалық акциясын өткізуде. Соның аясында ел аумағында мыңдаған ту ілінуде.

Серіктес жаңалықтары