Атырау қаласында ауа сапасы нашарлайды: тұрғындарға ескерту жасалды
Бұл – ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіретін және олардың жиналуына ықпал ететін жағдайлар

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 4 маусым күні, еліміздегі бір қалада атмосферада ластаушы заттар жоғары деңгейде жинақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл құбылыс зиянды қоспалардың жерге жақын ауа қабатында жиналып, таралмауына себеп болатын ауа райы факторларының үйлесуімен байланысты.
«2025 жылғы 4 маусымда Атырау қаласында түнде ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
ҚМЖ дегеніміз не және ол қаншалықты қауіпті?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл келесі ауа райы құбылыстары:
- Тымық ауа райы;
- баяу жел;
- тұман;
- температуралық инверсия.
Бұл – ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіретін және олардың жиналуына ықпал ететін жағдайлар. Бұл құбылыстар ауа сапасының уақытша нашарлауына әкеліп соғады, әсіресе тығыз құрылыс салынған немесе өндірістік аймақтарда.