$ 541.93  636.71  6.83
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аптап ыстық, бұршақ: бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» жексенбі, 1 маусымға жасалған ауа райы болжамын ұсынды

Аптап ыстық, бұршақ: бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланды
Фото: pixabay

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды, аптап ыстық болады, бұршақ жауып, жел соғады, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана мен Қарағандыда найзағай ойнайды деп болжанып отыр.

Қонаев қаласында, Алматы облысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Атырау қаласында және Жетісу облысында күн күркіреп, жел күшейеді, өрт қаупі жоғары болады.

Ақтау, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында, Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, 35-37 градусқа дейін ыстық болады, өрт қаупі жоғары.

Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, тұман түседі, екпіні 15-18 м/с жел соғады, өрт қаупі жоғары.  

Серіктес жаңалықтары