$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жүкті болып қалған, допинг дауына іліккен: атышулы Нора Джеруто Азия чемпионы атанды

Ол Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғады

Жүкті болып қалған, допинг дауына іліккен: атышулы Нора Джеруто Азия чемпионы атанды
Фото: Olympic.kz

Кениядан шақырылып, Қазақстан намысын қорғаған желаяқ Нора Джеруто Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды.

Нора Джеруто 3000 метр қашықтыққа кедергілер арқылы жүгірудің финалында жеңіске жетіп, мәреге 09:10.46 уақыт көрсеткішімен келді.

Екінші орынды үндістандық Паул Чаудхари (09:12.46), ал үшінші орынды қазақстандық Дейзи Джепкемей (09:27.51) иеленді.

Осылайша, ұлттық құраманың қоржынында төрт жүлде бар. Бұған дейін Дейзи Джепкемей 10 000 метрге жүгіруден алтын, ал Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрістен қола жүлде еншілеген болатын.

Айта кетейік, Нора Джеруто – Кенияда туып-өскен жеңілатлет. 2022 жылдың 29 қаңтарынан бері Қазақстан намысын қорғайды. Алайда, Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылғаннан кейін көп ұзамай жүкті болып қалғаны, кейіннен допинг дауына іліккен.

Серіктес жаңалықтары