$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақнәр Хамиттің оқиғасы: марқұм бойжеткеннің ісіне қатысты адвокат мәлімдеме жасады

Ақнәр Хамиттің анасы Алматы қаласының прокурорының қабылдауында болған

Ақнәр Хамиттің оқиғасы: марқұм бойжеткеннің ісіне қатысты адвокат мәлімдеме жасады
Фото: Instagram/inga_imanbay

Қоғамды дүр сілкіндірген бойжеткен Ақнәр Хамиттің оқиғасына қатысты адвока Инга Иманбай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Адвокаттың айтуынша, Ақнәрдің анасы Гүлсім Хамит, өзі және тағы екі қорғаушы Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков мырзаның қабылдауында болған.

«Қабылдау барысында Алматының бас прокуроры бұл істі өзінің тікелей бақылауына алатынын айтты. Сондай-ақ жәбірленуші тараптың әрбір уәжіне мұқият назар аударылатынын жеткізді.

Бізді зейін қойып тыңдап, қарамағындағы қызметкерлерге іске қатысты нақты тапсырмалар берді. Бұл – істің әділетті қаралуына жол ашады деп сенеміз. Енді әділеттің ауылы алыс емес болар деген үміттеміз», - деп жазды Инга Иманбай.

Айта кетейік, осыған дейін Ақнәр Хамиттің өліміне қызғаныш себеп болуы мүмкін екені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары