Құлсарыдағы жойқын жарылыс: полиция тың мәлімет жариялады
Жарылыстан 2 адам қаза тауып, тағы 12 адам жараланды

Атырау облысының Құлсары қаласында жанар-жағармай бекетінде болған алапат жарылысқа байланысты аймақтық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жанармай бекетінде болған жарылысқа қатысты аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, кешенді тергеу амалдарын бастады.
«Полиция қызметкерлері дереу жетіп, қауіпті аумақты қоршауға алып, жедел қызметтердің жұмысын үйлестіруге кірісті.
Автокөліктердің қозғалысы бақылауға алынып, кезекшілік ұйымдастырылды. Жедел жағдай бақылауға алынды», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, Құлсарыда жанар-жағармай бекетінде алапат жарылыс болып, салдарынан 2 адам қаза тапқаны, тағы 12 адам жараланғаны хабарланған болатын. Дәрігерлер ауруханаға жеткізілген науқастардың жағдайына қатысты түсініктеме берді.