$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Құлсарыда жанар-жағармай бекетінде алапат жарылыс болды

Зардап шеккендер түрлі деңгейдегі күйік жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді

Құлсарыда жанар-жағармай бекетінде алапат жарылыс болды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Атырау облысының Құлсары қаласында жанар-жағар май бекетінде алапат жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, аймақ басшысы Серік Шәпкенов Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы «Ниет» жанар-жағар май құю бекетіндегі өрт пен жарылысқа қатысты жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер түрлі деңгейдегі күйік жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Аймақ басшысының тапсырмасымен Атырау қаласынан күйік орталығының мамандары медициналық көмек көрсетуге қосымша күш ретінде жіберілді.

«Облыс әкімі төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке оқиға орнындағы іс-шараларды толықтай үйлестіруді, өртті оқшаулау және салдарын мейлінше азайтуды, сондай-ақ өрт аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды», - делінген әкімдік хабарламасында.

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, төтенше жағдайдан 2 адам қаза болып, 12 адам жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары