Тоқаев Джорджа Мелониді елорда әуежайынан шығарып салды
Джорджа Мелони Астанада өткен саммитке қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми іссапармен келген Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониді әуежайдан шығарып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Джорджа Мелониді Астанада алғаш рет өткен «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысты.
«Сізді көреген көшбасшылардың бірі санаймын. Қазіргі сын-қатерлерді терең түсінетін адаммен әңгімелесу мен үшін өте құнды. Осынау қиын кезеңде жақсы жаңалықтар да бар. Соның бірі – Италия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас. Біздің байланыстарымыздың деңгейі жоғары. Мұны бұған дейін бірнеше рет атап өттік. Дегенмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік жеткілікті. Менің сапарымның мақсаты да осы. Сіздің еліңіздің Батыс пен Шығысты байланыстырып жатқан алтын көпір ретіндегі тарихи мәнін жақсы білеміз», – деген еді Италия премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде.