$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысындағы жарылыс: науқастардың жағдайы белгілі болды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді

Атырау облысындағы жарылыс: науқастардың жағдайы белгілі болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Атырау облысының Құлсары қаласында 30 мамыр күні «Ниет» жанармай құю станциясындағы өрт салдарынан зардап шеккен 14 адам Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне шұғыл жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Алғашқы тексеру мен қажетті диагностикадан кейін 10 науқас ауруханаға жатқызылды. Тағы төрт адам амбулаториялық бақылауға алынды. Зардап шеккендердің бәрінің жағдайы тұрақты. Ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқан науқастар жоқ», — деп хабарлады басқарма.

Ауруханаға жатқызылғандардың арасында:

  • жеті адамның жағдайы – орташа ауыр;
  • үш науқастың жағдайы – тұрақты, өміріне қауіп төндіретін асқынулар белгілері жоқ.

Зардап шеккендер толық көлемде қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілді.

«Қосымша, Атырау облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жылыой аудандық орталық ауруханасына Атырау қаласынан арнайы мамандар мен медицина қызметкерлері, соның ішінде күйік орталығының тобы жедел түрде жіберілді», — деп мәлімдеді ведомство.

Серіктес жаңалықтары