30.05.2025, 07:17
Жаңалықтар
Қарағандыда автосалондардың бірі жаңа көліктерімен бірге өртеніп кете жаздады
ТЖМ өрт сөндірушілері өрттің таралу қаупінің алдын алды
Фото: ҚР ТЖМ
Қарағанды қаласында автосалондардың бірі жаңа көліктерімен бірге өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға Қарағанды қаласының Ермеков көшесінде болған. ТЖМ мәліметінше, автосалон боксында автокөліктің жанатын бөліктері мен жиһаздары өртенген.
«ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел келіп, қысқа мерзім ішінде өрттің таралуына жол бермей сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
Автосалонның бас директорының орынбасары құтқарушыларға шын жүректен алғысын білдірді», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады