$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында притон ұйымдастырғандар 10 жылға сотталып кетті

Оларға қатысты сот үкімі жарияланды

Павлодар облысында притон ұйымдастырғандар 10 жылға сотталып кетті
Фото: istockphoto.com

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жеті адамға қатысты қылмыстық топ ұйымдастыру және жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар құру, сондай-ақ аталған қылмыстарды жасау нәтижесінде алынған қаражатты заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық соттың мәліметінше, 2017 жылдан 2023 жылдың тамыз айына дейінгі аралықта жеті адам Павлодар мен Екібастұз қалаларында ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Өзара рөлдерін бөліп алып, жезөкшелікпен айналысатын притондар ұстаған. Алынған 650 миллион теңгеден астам кірісті заңды айналымға тарту арқылы заңдастырған.

Сотталғандардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттық дәлелдемелермен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және сараптамалық қорытындылармен дәлелденді.

Сотталушылар кінәларын мойындамай, ақтауды сұрады. Қылмыстық заңда бұл әрекет үшін тек 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

«Кінәлі тұлғалардың бәрі қылмыстық рөліне, жеке басына және басқа да жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға байланысты, ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы: біреуіне 10 жыл, тағы бір айыпталушыға 7 жыл, қалғандарына 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деді Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары