$ 509.26  574.75  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әншілерді жинап, мастер-класс көрсетіпті ғой»: Димаш бір топ әріптесімен ән салды (ВИДЕО)

Димаштың концерті Алматы қаласында өтті

«Әншілерді жинап, мастер-класс көрсетіпті ғой»: Димаш бір топ әріптесімен ән салды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Әнші Димаш Құдайберген Алматыда өткен концертінде өнердегі бір топ әріптесімен бірге ән салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде таралған видеода әнші әріптестерінің алдына шығып, «Любовь уставших лебедей» әнін орындағанын байқауға болады.

Дәл осы сәтті желі қолданушылары күлкіге айналдырып, түрлі пікір білдірді.

«Әншілерді жинап, мастер-класс көрсетіпті ғой», «Әртіс қандай болу керек екенін әншілерді жинап қойып көрсетіпті ғой», «Димашты қолдайтын әншілеріміз сахнада тұр, сыйламаса, қолдамаса ол жерде тұрмас еді», «Фонограммамен айтып әнші боп жүргендер, қиналып әзер айтып тұр ма?», «Міне былай айтад дегендей қылды ғой», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін «Балқадиша» әнімен желі жұлдызына айналған палуан бала Димаштың Алматыда өткен концертінде өнер көрсеткені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары