$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Пәтерлер мен көліктерді арзан бағада жалға беру-сату: алаяқтардың схемасы әшкере болды

Прокуратура алаяқтарға қатысты қоғамға үндеу жасады

Пәтерлер мен көліктерді арзан бағада жалға беру-сату: алаяқтардың схемасы әшкере болды
Фото: istockphoto.com

Алматы облысының прокуратурасы интернет алаяқтарының кең ауқымды әрекетін анықтап, 5 мыңнан астам жалған хабарландыруды бұғаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

5 мыңнан астам алаяқ аккаунт жабылды

2025 жылғы 26 мамырдағы мәлімет бойынша, ірі сауда онлайн-платформаларымен бірлескен меморандум аясында алаяқтық белгілері бар 5 мыңнан астам аккаунт анықталып, бұғатталған. Тағы 7 мың аккаунт тексеріліп жатыр.

Алаяқтар қандай әдіс қолданған?

Прокуратураның мәліметінше, алаяқтар негізінен:

  • Пәтерді тәуліктік жалға беру;
  • Алматы және облыстағы жылжымайтын мүлікті сату;
  • Көліктерді төмен бағамен сату;
  • Шетелден автокөлік бөлшектерін жеткізу салаларында әрекет еткен.

Олар өздеріне тиесілі емес нысандардың жалған суреттерін қолданып, азаматтардан «бронь» үшін алдын ала төлем сұраған.

Қоғамға үндеу: Абай болыңыз!

Прокуратура қазақстандықтарды цифрлық платформалардағы онлайн келісімдер кезінде сақ болуға және жарнама шынайылығын тексеруге шақырды.

«Әсіресе арзан ұсыныс пен алдын ала төлем сұрайтын жарнамаларға күдікпен қараңыз. Бұл – алаяқтардың басты құралы», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары