Алматы облысында жеңіл көлік пойыздың астына түсті
Оқыс оқиға Достық – Бескөл учаскесінің күзетілмейтін өткелінде болды

Алматы облысында жеңіл көлік теміржолға шығып кетіп, пойыздың астына түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚТЖ-ның мәліметінше, 26 мамырда сағат 12:57-де Достық – Бескөл учаскесінің күзетілмейтін өткелінде машинист жеңіл автокөліктің жолға кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды.
«Соқтығысудан құтылу мүмкін болмады.Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ақпарат Достық станциясының ЖПБ-сына берілді. Жол-көлік оқиғасы пойыздардың жүру кестесіне әсер етті.
Осы жылдың бес айында теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғалары санының 20% өсуі тіркелді. ҚТЖ жүргізушілерді өте мұқият болуға және темір жолдарды кесіп өту ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - делінген ҚТЖ хабарламасында.