Атырау облысында Камаз пикап көлігін басып қалды: бір адам көз жұмды (ВИДЕО)
Оқыс оқиға Атырау-Доссор тасжолының Геолог ықшам ауданы аумағында болды
Атырау облысында Камаз пикап көлігін басып қалып, салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті агенттік тілшісіне түсініктеме берді.
«26 мамыр сағат 15:00 шамасында маркасы Камаз автокөлігінің 1976 ж.т жүргізушісі Атырау-Доссор тасжолының Геолог ықшам ауданы аумағында 1990 ж.т жүргізушінің басқаруындағы маркасы Great Wall wingle5 автакөлігімен екінші дәрежелі жолдан шығып соқтығыс жасаған. Салдарынан маркасы Wall wingle 5 автокөлігінің 1963 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», - делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында қыз алып қашқан көлік апатқа ұшырап, бойжеткен қаза тапқаны хабарланған болатын.