Алматы облысында қыз алып қашқан көлік апатқа ұшырап, бойжеткен қаза тапты
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды

2024 жылдың 24 мамырында сағат 18:00 шамасында Үлкен Алматы айналма жолының 36-шақырымында орын алған жол-көлік оқиғасына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, KIA көлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz автокөлігіне барып, жанынан соқтығысқан. Mercedes-Benz көлігі аударылып, оның салонда отырған бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.
«Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Зардап шеккендердің жағдайы нақтыланып жатыр. KIA жүргізушісі оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, тергеу амалдары басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы облысының полициясы.
Қазір полиция бейнебақылау жазбаларын, куәгерлердің жауабын және техникалық сараптама қорытындыларын жинап жатыр. Қосымша мәліметтер тергеу барысында белгілі болмақ.
Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға қыз алып қашып келе жатқанда болған. Жігіт қызды Талдықорғаннан Алматыға алып қашып бара жатқан.