24.05.2025, 18:43
Жаңалықтар
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
Еліміздің кей өңірінде жаңбыр жауып, күн суытады
Фото: © istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнге – 25–27 мамырға арналған Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің кей өңірінде жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада жауын жауып, түнде үсік жүреді
Астанада ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, түнгі уақытта топырақ бетінде үсік түсуі мүмкін.
25 мамыр:
- Ауа райы – бұлтты, кейде жаңбыр жауады
- Жел – солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с
- Температура – түнде +4+6°, күндіз +13+15°
26 мамыр:
- Ауа райы – бұлтты, жауын-шашын
- Жел – солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с
- Температура – түнде +2+4°, топырақ бетінде үсік -2°, күндіз +12+14°
27 мамыр:
- Түнде жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз жауын-шашынсыз
- Жел – солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с
- Температура – түнде +5+7°, күндіз +13+15°
Алматыда найзағай мен бұршақ күтіледі
Алматыда күн жылы болады, бірақ 26–27 мамыр күндері найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.
25 мамыр:
- Ауа райы – бұлтты, жауын-шашынсыз
- Жел – солтүстік-шығыстан, 3–8 м/с
- Температура – түнде +13+15°, күндіз +25+27°
26 мамыр:
- Таңертең және күндіз – жаңбыр, найзағай, бұршақ
- Жел – солтүстік-шығыстан, 3–8 м/с, екпіні 18–23 м/с
- Температура – түнде +15+17°, күндіз +20+22°
27 мамыр:
- Түнде және күндіз – жаңбыр, найзағай, бұршақ
- Жел – оңтүстік-батыстан, 3–8 м/с, екпіні 15 м/с
- Температура – түнде +11+13°, күндіз +21+23°
Шымкентте аптап ыстық пен екпінді жел сақталады
Шымкентте ауа температурасы жоғары, жаңбыр тек 26 мамыр күні таңертең жаууы мүмкін.
25 мамыр:
- Ауа райы – бұлтты, жауын-шашынсыз
- Жел – солтүстік-батыстан, 8–13 м/с
- Температура – түнде +15+17°, күндіз +29+31°
26 мамыр:
- Түнде және таңертең – жаңбыр, найзағай
- Жел – солтүстік-батыстан, 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с
- Температура – түнде +18+20°, күндіз +29+31°
27 мамыр:
- Ауа райы – бұлтты, жауын-шашынсыз
- Жел – солтүстік-шығыстан, 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с
- Температура – түнде +15+17°, күндіз +29+31°
Көп оқылған
29.06.2026, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
29.06.2026, 13:32
«Военкоматтан келіп тұрмын»: жас жігіт әскерден қашамын деп Ақбұлақ өзеніне секіріп кетті (ВИДЕО)
29.06.2026, 10:35
Қазақстанда алдағы күндері 38 градус ыстық болады: үш күнге арналған болжам жарияланды
29.06.2026, 11:05
«Өз өмірім үшін қорқамын»: Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Вероника Соколованың анасы дабыл қақты