24.05.2025, 20:06
Жаңалықтар
Талғарда квадроцикл мінген бойжеткен жардан құлап кетті
ТЖМ қызметкерлері квадроциклмен жардан құлаған қызды құтқарды
Фото: ТЖМ/Видеодан скрир
Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Рысқұлов ауылында квадроцикл жүргізіп бара жатқан бойжеткен жардан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Рысқұлов ауылындағы ат клубы маңында болды. Зардап шеккен бойжеткеннің 1998 жылы туғаны анықталды.
«Оқиға орнына дейін шамамен 8 шақырымдық қашықтықты өткерген ТЖМ құтқарушылары зардап шеккенді жардан көтеріп, медициналық қызметкерлерге табыстады.
ТЖМ барлығыңызды демалыс кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды