Астанада 16 автобус бағыты уақытша өзгерді
Бұл өзгерістер жол жөндеу жұмыстарына байланысты енгізілді

Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі мәләмдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .
Қай бағыттарда өзгеріс бар?
2025 жылғы мамырда Астана қаласындағы төмендегі автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді:
- №2
- №5
- №5А
- №8
- №10
- №19
- №20
- №23
- №33
- №40
- №53
- №64
- №71
- №73
- №503
- №505
Жаңартылған қозғалыс сызбаларын City Transportation Systems ресми сайтынан көруге болады.
Өзгерістер неге байланысты?
CTS хабарлауынша, бұл өзгерістер жол жөндеу жұмыстарына және қаладағы көлік ағынын оңтайландыруға байланысты енгізіліп отыр. Уақытша кесте жолаушыларға ыңғайсыздық тудырмас үшін алдын ала жарияланып, барлық қажетті ақпараттар қала тұрғындарына жеткізіліп жатыр.
Компания жолаушылардан түсіністікпен қарап, жаңартылған бағыттармен алдын ала танысып алуды сұрайды.