$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында түлектер мұқтаж отбасына алты бөлмелі үй сыйлады

Олар көпке үлгі боларлық қайырымдылық жасады

Түркістан облысында түлектер мұқтаж отбасына алты бөлмелі үй сыйлады
Фото: аудан әкімдігі

Түркістан облысы Түлкібас ауданында мектеп түлектері мұқтаж отбасыға үй сыйлап, көпке үлгі боларлық қайырымдылық жасады. Бұл игі іс өңірде бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан дәстүрдің жалғасы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Түлектер игі дәстүрді жалғастырды

Мектепті бітіргеніне 20 жыл толған Абай, Садыков, Ломоносов атындағы мектептердің түлектері бірігіп, бірінші топ мүгедегі бар отбасына алты бөлмелі кең үйді сыйға тартты. Бұған дейін олар жалдамалы баспанада тұрып келген.

Негізгі деректер:

  • Жобаның жалпы құны – 13 миллион теңге
  • Үй сатып алуға 9 миллион теңге жұмсалған
  • Қалған сомаға жөндеу жұмыстары, жиһаз және тұрмыстық техника алынған

Жаңа баспананың кілті табысталды

Қаратаевтар әулетіне үйдің кілті салтанатты жағдайда табысталды. Іс-шара барысында түлектер 300 адамға арнап садақа дастарханын жайды. Жергілікті тұрғындар мен ауыл ақсақалдары түлектердің бұл ісін жоғары бағалады.

Қайырымдылық эстафетасы жалғасады

Түлектердің айтуынша, мұндай әлеуметтік жоба 2017 жылы басталған. Биылғы жылы бастаманы 2005 жылғы түлектер қолға алса, олар 2006 жылғы түлектерге эстафетаны табыстады. Бұл дәстүр жыл сайын жалғасын тауып келеді.

Серіктес жаңалықтары