$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан ғалымдары алғашқы отандық чипті таныстырды

Чипті қазақстандық ғалымдар Қытай мамандарымен бірлесіп жасады

Қазақстан ғалымдары алғашқы отандық чипті таныстырды
Фото: pixabay

Астанада заманауи технологияларда қолданылатын алғашқы отандық чип таныстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24kz-ке сілтеме жасап.

Қытай ғалымдары көмекке келді

Бұл чипті қазақстандық ғалымдар Қытай мамандарымен бірлесе жасап шықты. Яғни, өнім – Қытай университеттерімен әріптестік шеңберінде қабылданған «Бір студент – бір чип» бағдарламасының жемісі.

Сондай-ақ  «Кремний жолы: қазіргі Қазақстандағы цифрлық жобалау саласындағы даму және білім беру» атты форумда елдегі жартылай өткізгіштер өнеркәсібінің даму әлеуеті талқыланды.

Жобаға 6 ай уақыт кетті

Маман даярлау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Келешекте микросхемаларды цифрлық жобалау мен верификациялау саласы мамандарын оқытуға шетелдік маңдайалды компаниялардың қатысуын қамтамасыз ету керектігі де айтылды.

«Біз чипті 6 айдай жасадық. Жобасын, дизайнын сыздық. Соның жартысы, 3 айы әзірлеуге кетті. Қалған 3 айы верификацияға кетті. Функционалды тестілеуге кетті», - дейді ғалым Нұрсұлтан Қабылқас.

Жоба авторлары чип Қазақстанның жаһандық жартылай өткізгіштер индустриясына енуіне жол ашып, жоғары технологиялық салаларды дамытуға тың мүмкіндіктер беретініне сенімді.

Серіктес жаңалықтары