$ 541.01  640.34  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқтар мен Бейбіт жұртты жаңа образбен таңғалдырды (ВИДЕО)

Тоқтар Серіков биыл 50 жылдық мерейтойын тойлайды

Тоқтар мен Бейбіт жұртты жаңа образбен таңғалдырды (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/shahnur.toqtaruly

Әнші Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева бірнеше жаңа образ жасап, фотосессия өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Тоқтар Серіков бұл образдарды өзінің 50 жылдық мерейтойына арнап жасағанын атап өтті. Ол 1975 жыл Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданында дүниеге келген.

«Осы жылы 50 жылдыққа орай жаңа образ, жаңа әндер, жаңа фото суреттер сіздер үшін!», - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Қандай жарасымды жұп, Алла ұзақ ғұмыр берсін», «Сіздің домбырамен айтқан әндеріңізді естіп өстім. Домбырамен көбірек ән айтсаңыз деген тілек бар», «Керемет жұп, ешқандай жасандылық жоқ», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Еске сала кетейік бұған дейін Тоқтар Серіков  «Жақсы адамдарым» бағдарламасында ұстазы Алтынбек Қоразбаевтың өзін қалай іздеп келгенін айтып берген болатын.

«Менің кезегім келгенде амандасып, әнімді бастадым, көкем менің түрімді ұмытып қалыпты. Балалардың бәрін жинап алып, соның ішінен іздеп отыр екен. «Қара кемірді» айта бастап едім, атып тұрып, «өййй осы, мынау ғой» деді. Сөйтсем балалардың арасынан мені іздеп жүрген екен ғой», - деп еске алды әнші.

Серіктес жаңалықтары