$ 510.84  579.7  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Көзінде жас толып тұр»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлына қатысты оқиғаны айтып жылады

Кешкісін бөлмесіне кірсем, менен тығыла берді, сұрақтарыма теріс қарап жауап берді, дейді тележүргізуші

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «КешREC» бағдарламасына берген сұхбатында  балалары әкесін қатты сағынып жүргенін айтып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол ұлдары әкесінің жолын қуғанын, жақсы азамат болып өскенін тілейтінін атап өтті.

«Өткенде үйде кенже ұлыма қатысты бір жағдай болды. Кешкісін бөлмесіне кірсем, менен тығыла берді, сұрақтарыма теріс қарап жауап берді. Байқап қалдым, Сардар десем, иә, анашым дейді де, өтірік шұлығын шұқылаған кейіп таныта берді. Сардар, маған қарашы дедім, көзінде жас толып тұр. Не болды десем, телефонымды тазалап жатыр едім,  әкемнің көптеген суреті мен видеосын көрдім деді», - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Оның айтуынша осы уақытқа дейін Сардар мұндай сезімін мүлдем көрсетпеген. Әкесі туралы айтпауға, уайымдамауға тырысатын.

«Үнемі көңілді жүруге тырысады. Бірақ осы жолы көзіне жас алғанда, әкесін сағынып жүргенін түсіндім. Баламды көріп, мен мұңайып қалғанда, «Анашым, уайымдамауға тырысамыз, иә?!» деп мені жігерлендіріп жатыр. Қайраттың 4 ұл, 1 қызы бар. Әттеген-ай дейтінім, ол енді балаларымның қызығын көремін дегенде өмірден өтіп кетті», – деп әңгімесін жалғастырды ол.

Ләйлә Сұлтанқызы Жаңа жылдан бастап Қайрат туралы ештеңе айтпауға өзіне уәде бергенін жасырмады.

«Себебі менен де жағдайы ауыр кісілер бар ғой. Қазақстандағы жалғыз жесір емеспін ғой. Мұны басына түскен адам ғана түсінеді. Ақтала бергің келетін сияқты боп тұрасың. Бірақ бір ғана нәрсе айтамын, ер азамат болса, Қайраттай болсын!», – деп түйіндеді Ләйлә Сұлтанқызы.

 

Серіктес жаңалықтары