ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Алматыда қайтыс болғандардың мәйітін өртейтін крематорий салынбақ

Жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға 46 млн теңге бөлінген

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда қайтыс болған адамдардың мәйітін өртейтін крематорий салынбақ. Жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға 46 млн теңгеден астам қаражат бөлінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Бүгін қазақстандық интернет басылымдарда Алматыда крематорий салынатыны жайлы ақпарат тарады. Goszakup.gov.kz сайтында бұл тендерге тапсырыс беруші «Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі екені айтылған. Крематоридің жобалық-сметалық құжаттарына тендер мамыр айының ортасында жарияланған. Жобалық-сметалық құжаттарын дайындаудың өзіне 46 млн теңге жұмсалатын крематориге алматылықтар арасында сұраныс бар көрінеді.

«Халықтың арасында сұраныс бар. Бағана айтқанымдай, біреу шет мемлекеттен келеді, күлін шетелге алып кетеді. Осы тұғыда ыңғайлы. Бұл енді өзінің қалауы бойынша істелетін зат. Бізде крематория бар, жерлейтін жер жоқ, сіздерді өртейміз деп айта алмаймыз. Ондай заң да жоқ», - дейді Алматы қаласы «Салттық қызмет көрсету арнайы комбинаты» директорының орынбасары Есбол Нүсіпов.

Ал Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мәйітті өртеу шариғатқа қарсы екенін айтады.

«Жер аз болса да оны өртеуге болмайды. Біздің шариғатымызда бір адам қайтыс болып, сүйегі шіріп, жоқ болып кеткен соң оның орнына басқа адамды жерлесе болады. Осылай жер мәселесін шешуге болады», - дейді Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов.