Бұршақ, жаңбыр жауады: қай өңірлерде дабылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» сәрсенбі, 21 мамырға жасалған ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, бұршақ жауады, жел күшейеді, найзағай ойнайды. Соған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өскеменде тұман түседі.
Қостанайда желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Оралда найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді.
Қызылордада өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел соғады, өрт қаупі жоғары.
Ақтау, Атырау қалаларында, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, екпіні 15-18 м/с жел соғып, өрт қаупі жоғары болады.