$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралдағы аурухананың ауласына тікұшақ шұғыл қонды

ТЖМ тікұшағы жаңа туған нәрестені тікелей ауруханаға жеткізді

Оралдағы аурухананың ауласына тікұшақ шұғыл қонды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы кеше ғана дүниеге келген баланы санавиациямен тасымалдау үшін Бөрлі ауданы Ақсай қаласына ұшып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нәрестенің ауыр жағдайына байланысты оны Орал қаласындағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына шұғыл жатқызу қажет болды.

«Әр секундтың маңыздылығын ескере отырып, БҚО ТЖД басшылығы денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, тік ұшақты медициналық мекеменің аумағына қондыру туралы шешім қабылдады», - деп жазылған Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ТЖМ ұшқыштарының жоғары кәсібилігінің арқасында шұғыл тасымал сәтті жүргізіліп, кішкентай науқас анасымен бірге денсаулық сақтау қызметкерлеріне аман-есен табысталды.

Еске сала кетейік, сәуір айында Риддер қаласында жаңа туған нәрестеге шұғыл медициналық көмек қажет болып, оның өмірін құтқару үшін аспанға ТЖМ-нің «Ми-8» тікұшағы көтерілді. Дәрігерлер облыс орталығына жеткенше сәбидің жағдайын бақылауда ұстады.

Серіктес жаңалықтары