Қызыл кітапқа енген қар барысы видеоға түсіп қалды
Бұл табиғи ортаның тұрақтылығын көрсетеді

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қар барысы бейнетұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Паркке камералар жабайы жануарларды бақылау мақсатында орнатылған.
«Бұл сирек кездесетін бейнежазба — қар барысының ұлттық парк аумағында әлі де мекендейтінін дәлелдейді және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсетеді», - деп жазды парк мамандары.
Еске сала кетейік, кеше орман ішін еркін кезіп жүрген екі бөлтірік бейнетұзаққа түскенін жазған едік. Кадрдан жыртқыштардың орманды аралап жүргенін көруге болады. Бір кезде қасқырлардың бірі камераға тіке қарайды.
Сондай-ақ инспекторлар Тянь-Шань қоңыр аюын екі қонжығымен бейнежазбаға түсіріп алды. Тянь-Шань қоңыр аюлары парктің орманды тау баурайларында мекендейді.
Паркте қар барысы мен Түркістан сілеусіні де бейнетұзаққа ілікті. Бейнежазбадан түнгі уақытта парк аумағында сенімді қимылдап жүрген қар барысын көруге болады. Ал Түркістан сілеусіні өз жемтігін байқаған бойда секіруге дайындалып, бірақ соңғы сәтте райынан қайтады.