$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Блогерлердің жартысына жуығы табысын растап, салық төледі

360-қа жуық блогер 250 миллиард теңгеден астам салық төлеген

Блогерлердің жартысына жуығы табысын растап, салық төледі
Фото: pixabay

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков блогерлердің жартысына жуығы табысын растап, салық төлегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Блогерлер 256 млн теңге салық төледі

«850 блогерге ескерту хаты жіберілді. Оның ішінде шамамен 360 блогер 10,5 млрд теңгеге өз еркімен табысын растады. Бүгінде блогерлер 256 млрд теңге салық төлеп отыр", - деді Темірбеков мәжілісте өткен брифингте.

Еске сала кетейік, ақпан айында миллиондап, тіпті миллиардтап салық төлемеген блогерлердің тізімі жарияланып кетті.

Қандай жағдайда қылмыстық іс қозғалады

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті камералдық бақылау кезінде блогерлер 53,3 млрд теңгенің салығын жасырғанын анықтады.

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов салықтық қарызы бар блогерлер қандай жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді.

«Аталған сомалар қылмыстық іске сәйкес келетін болса және құқық қорғау органдары қорытындысын берсе, біз қылмыстық істі қозғаймыз», - деді ол.

Сол кезде камералдық бақылау кезінде бес жүзден астам блогер табысын азайтып көрсеткені белгілі болды. Оларға салығын төлеп бітуге немесе түсіндіруге 30 күн уақыт берілді.

Оқи отырыңыз:

Салығын жасырған блогерлерге қатысты тергеу жүре ме - ҚМА өкілі жауап берді

Салық органдары блогерлерді қойып, енді интернет дүкендерге шүйлікті

Курс сатып, 1,5 млрд теңге тапқан: салық төлемеді деген блогерлер зәулім үй сатып алды (ВИДЕО)

 

Серіктес жаңалықтары