ШҚО ТЖД жаңа тәсілді қолға алды
Өскемен қаласында құтқарушылар көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын дронмен шолып, ата-аналарға ашық терезенің қауіпті екенін ескертіп жүр. Бұл – балалар жарақатының алдын алу бойынша басталған жаңа профилактикалық акция, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар департаменті жазғы мезгілде терезеден балалардың құлау жағдайлары жиілейтінін айтады. Әсіресе пәтерлерді желдету кезінде ата-аналардың салғырттығы қайғылы жағдайға соқтыруы мүмкін.
Маусым басында екі бала терезеден құлап, жарақат алғаны белгілі. Осы жағдайлардан кейін ШҚО құтқарушылары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтті.
Қауіптің алдын алу үшін төмендегідей қарапайым ережелерді сақтау қажет:
Құтқарушылар тұрмысы төмен отбасыларға терезе бекіткіштерін орнатып беруде. Бұл – жергілікті билік пен ТЖД бірлесіп іске асырып отырған шаралардың бірі.
«Біздің мақсат – тек ескерту емес, нақты көмек көрсету. Сондықтан біз алдын алу жұмыстарын түрлі бағытта жүргізіп жатырмыз», – деді ТЖД өкілі.
Соңғы жылдары елде балалардың терезеден құлау жағдайлары жиіледі. Мысалы, жақында Павлодарда үш жасар бала терезеден құлап, көз жұмды. Оның анасы 5 жылға сотталуы мүмкі Қайғылы оқиға кезінде балалар үйде жалғыз қалғаны анықталды. Сонымен қатар Ақтауда бес күнде терезеден құлаған үш сәбидің жағдайы ауыр екені хабарланған еді. Одан бұрын Шымкентте үш жасар бүлдіршін бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бала ауыр халде ауруханаға жатқызылды
Жалпы, Қазақстанда жыл басынан бері 13 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Биыл жыл басында Қазақстан құрылыс компанияларына терезелерді бекітетін құрал орнатуды міндеттеген болатын, себебі биіктен құлап кеткен балалардың 80%-ы үйдің терезесінен құлаған.