$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан құрылыс компанияларына терезелерді бекітетін құрал орнатуды міндеттеді

Биіктен құлап кеткен балалардың 80%-ы үйдің терезесінен құлаған

Қазақстан құрылыс компанияларына терезелерді бекітетін құрал орнатуды міндеттеді
Фото: istockphoto.com

Енді құрылыс компаниялары жаңа үйлердің терезелеріне құлып орнатуға міндетті. Бұған көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен кішкентай балалардың құлап кетуі жиілегені себеп болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанованың айтуынша, соңғы жылдары терезеден құлаған балалардың 80%-ы үйдің терезесінен құлап кеткен. Олар 2 мен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндер. Осыған байланысты, 2024 жылдан бастап жаңа тұрғын үйлердің терезелеріне қауіпсіздік құлыптарын орнату құрылыс компанияларының жауапкершіліге кіріп отыр.

 «Құрметті ата-аналар! Баланың өмірі мен денсаулығы көбінесе қарапайым, бірақ маңызды шешімдерге байланысты. Терезелерге қауіпсіздік құлыптарын орнату, қорғаныс торларын қолдану және қарапайым сақтық шараларын естен шығармау – жазатайым оқиғалардың алдын алудың тиімді жолы», – деді ол.

Еске салсақ, бұл талаптар білім беру, тәлімгерлік, әйелдер құқықтарын қамтамасыз ету және балалар қауіпсіздігіне қатысты заңдар аясында енгізілді. Ол 2024 жылдан бастап пайдалануға беріліп келе жатқан жаңа үйлерге қолданылады.

Серіктес жаңалықтары