Президенттің арнаулы әдеби сыйлығына өтініш қабылданатын мерзім белгілі болды
Үміткерлер 15 наурыздан бастап кітаптарын ұсына алады

Отандық жас қаламгерлерге арналған президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау 15 наурызда басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сүйенсек, әдеби сыйлыққа 18-35 жасқа дейінгі қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларын ұсына алады.
«Өтінім «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша қабылданады. Автор тек бір номинацияға ғана қатыса алады. Өтінімді 2025 жылғы 15 наурыз бен 15 маусым аралығында қағаз және электронды түрде мына мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 14 кіреберіс, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273 кабинет. Қосымша сұрақ туындаса, +7 707 541 8006, 8 (7172) 74-04-07; 74-03-84; 74-04-08 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады», - деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігі.