$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.03.2025, 16:48
Қоғам

Қазақстанда балаларға ғана арналған SIM-карталар пайда болуы мүмкін

Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі мәлім етті

Қазақстанда балаларға ғана арналған SIM-карталар пайда болуы мүмкін
Фото: freepik.com

2023-2025 жылдарға арналған Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кешенді жоспар аясында оқу-ағарту балаларға ғана арналған SIM-карта шығаруды ұсынып отыр, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy. 

Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлім етті.

«Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, балаларға арналған SIM-карталар байланыс операторлары тарапынан қолдау тауып, цифрлық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бастамалармен қатар жүреді. Бұл ата-аналарға балалардың телефонды қолдануын тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Министрліктің бұл бастамасы балалардың интернеттегі қауіпсіздігін күшейтіп, ата-аналарға олардың онлайн кеңістіктегі қорғанысын қамтамасыз етуде жоғары деңгейдегі қолдау көрсетеді», – дейді Еділ Оспан.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#SIM-карта #балалар