12.03.2025, 16:35
Қоғам
Былтыр дүниеге келген сәбилердің басым бөлігі - ұл балалар
50 жастан асқан әйелдер 100 баланы босанған
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген. 2024 жылы дүниеге келген сәбилер саны 2023 жылға қарағанда 22 мың 503 балаға, 2022 жылмен салыстырғанда 37 мың 970 балаға аз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Былтыр 365,9 мың бала дүниеге келген, оның 51,6% ұл болса, 48,4% – қыз.
2024 жылы жалпы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,15 нәресте, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 19,52 нәресте болған. Ең көп сәби Түркістан, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында туған.
Былтыр 50 жастан асқан әйелдер 100 сәбиді босанған. 84,2 мың бала отбасының тұңғышы болса, 60 мыңнан астам бала отбасының төртіншісі атанды.
Аталған кезеңде 3 721 егіз, 46 үшем дүниеге келген.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды