$ 519.29  613.28  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда үш жасар бала терезеден құлап, көз жұмды: оның анасы 5 жылға сотталуы мүмкін

Қайғылы оқиға кезінде балалар үйде жалғыз қалғаны анықталды

Павлодарда үш жасар бала терезеден құлап, көз жұмды: оның анасы 5 жылға сотталуы мүмкін
Фото: istockphoto.com

Павлодарда назардан тыс қалған үш жасар бала терезеден құлап, көз жұмды. Енді оның анасы жауапсыздығы үшін 5 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға уақытында бүлдіршін әпкесімен бірге болған

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға қаланың шағын аудандарының бірінде болған.

«Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс (ҚК-нің 141-бабы, 2-бөлігі) қозғалды. Қайғылы оқиға кезінде балалар үйде жалғыз қалғаны анықталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу іс-шаралары кешенді жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді ведомство.

Аталмыш бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Серіктес жаңалықтары