$ 519.55  596.03  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жұлдызбен неге бармайды?»: анасымен шетелде жүрген Қайрат Нұртас сынға қалды (ВИДЕО)

Әншінің отбасы емес, анасымен бірге сапарға шығуы әлеуметтік желіде қызу талқыланды

«Жұлдызбен неге бармайды?»: анасымен шетелде жүрген Қайрат Нұртас сынға қалды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас алдағы күндері бірнеше ел мен қалада гастрольдік сапарға шығатынын жария етті. Бұл туралы оның анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Біраз тірліктерімізді бітіріп, кездесулермен қатар демалып та үлгердік. Керемет демалыс орнына алғысымыз шексіз. Қырғызстан, Ташкент, Ресей жақтың 5 қаласы – күтіңіздер! Біз сіздерге барамыз», – деді продюсер.

Желі қолданушылары неге наразы?

Анасы Гүлзира Айдарбекова ұлымен түскен видеосын жариялады. Онда продюсердің орындықта отырған ұлының артынан келіп, мойнынан құшақтағаны көрінеді. Видео астына ол жұмыстарын да бітіріп, демалып та үлгергенін жазған.

Көпшілігі әншінің жеке өміріне қатысты алаңдаушылық танытып, оны әйелі Жұлдызбен бірге жиі көргісі келетіндерін жазды.

«Жұлдызбен неге бармайды?», «Қайратты кейде аяп кетемін…», «Шешесі қайда жүрсе де қалмайды…»,  «Қайратты отбасынан ажыратпау керек. Қызғанса да, қимаса да, оның отбасы бар» деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Контекст

Айта кету керек, Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдікәрімова – шоу-бизнестегі көп талқыланатын жұптардың бірі. Мысалы, жақында Қайрат Нұртас мұңды әніне секіріп билеймін деп сынға қалған еді. Сонымен қатар ол концертіне келген тыңдармандарының арасынан бойжеткен қыздарды іздеп көзге түскен болатын. Ал одан бұрын жұбайын туған күнімен құттықтаған әнші Қайрат Нұртасқа жұрт ақылын айтты.

Сондай-ақ әншінің әйелі де халықтың сынына жиі ұшырайды. Жуырда Қайрат Нұртастың әйелі қысқа киінемін деп сынға қалған еді. Актриса желідегі парақшасында қысқа белдемше киіп, гүл көтеріп жүрген видеосын жариялаған болатын. Одан бұрын актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жазба жариялап, жұртты ойға қалдырды.

Серіктес жаңалықтары