Атырау облысының тұрғыны 12 жастағы өгей қызын бес жыл бойы зорлап келген

Автор: Дәулет Ботагөз

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: © istockphoto.com

Атырау облысы Еркінқала ауылында 43 жастағы ер адам өзінің 12 жастағы өгей қызын 2018 жылдан бері жүйелі түрде азғындық әрекеттерге мәжбүрлеп келген. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .

Бес жылға созылған қорлық

Қыздың айтуынша, зорлық-зомбылық анасы перзентханаға кеткен уақытта басталған. Анасы үйде болмаған күндері өгей әке түрлі қорқыту, психологиялық қысым арқылы баланы үнсіз қалуға мәжбүрлеген.

«Ешкім сенбейді, айтсаң анаң сені қуып жібереді» деген сөздер қызды ұзақ уақыт бойы үрейде ұстаған. Тек 17 жасқа толғанда ол басынан өткен ауыр жайтты туысының біріне айтып, шындықты ашуға батылы барған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр

Полиция деартаменті не дейді?

Атырау облыстық полиция департаменті берген мәліметке сәйкес, қылмыстық кодекстің 124-бабы («Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер») бойынша іс қозғалған.

«Атырау қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты жасалған азғын әрекеттер туралы шағым түсірді. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды», – деді полиция департаменті өкілдері.

Ұқсас оқиғалар

Бұған дейін Қарағандыда 60 жастағы ер адам балаларды зорлап, порнография түсіргені, оған қыздарды аналары сатқаны хабарланған еді. Сонымен қатар 6 жасар бүлдіршінді ағасы зорлап келген: үш жылға созылған іс аяқталуға жақын. Тергеу 2022 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ал жуырда жақын қатынаста болған әйелдің қызын зорлап, үш ұлын жәбірлеген педофил 21 жылға сотталды. Оқиға Алматы облысында болған.

Одан бұрын Түркістан облысында мүгедек жігітті алыс туыстары зорлап кеткені туралы ақпарат тарады. Анасы жазған арызды полиция бастапқыда қабылдамай қойғаны туралы хабарланды. Сонымен қатар екі қызын зорлап келген өгей әкесі 5 жылдан кейін ғана сотталғаны белгілі болды. Қыздар ол кезде 12, 14 жаста болған.