$ 499.11  521.12  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жақын қатынаста болған әйелдің қызын зорлап, үш ұлын жәбірлеген педофил 21 жылға сотталды

Оқиға Алматы облысында болған

Жақын қатынаста болған әйелдің қызын зорлап, үш ұлын жәбірлеген педофил 21 жылға сотталды
Фото: © istockphoto.com

Алматы облысында балаларға жәбір көрсетіп, бір қызды зорлаған педофилге сот үкімі шықты. Бір жыл бұрын ол жақын қатынаста болған әйелдің үйіне кіріп, балаларды байлап, ұрып-соғып, пышақпен тілімдеген. Балалардың ең кішісі 8 жаста болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Тергеу барысында қылмысты балалардың анасының бұрынғы ғашығы, Түркістан облысының 47 жастағы тұрғыны жасағаны белгілі болды. Ол үйге баса-көктеп кіріп, 4 баланы байлап қойған.

«13 жастағы жасөспірімді қатты затпен ұрған, ортаншы ұлдың ернін пышақпен тілген. Кішісі бас жарақатын алған, миы шайқалған. Ал он жастағы қызды бірнеше рет зорлаған. Көршілер балалардың айғайын естіп, қылмыскерді үркітіп алған. Бірақ ол алысқа қаша алмаған», — делінген материалда.

Сот отырысы жабық режимде өтті. Педофил 21 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары