$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада бес жасар бала терезеге шығып алған: тұрғындар шу көтерді (ВИДЕО)

Баланың өмірі қыл үстінде тұрды

Астанада бес жасар бала терезеге шығып алған: тұрғындар шу көтерді (ВИДЕО)
Фото: © freepik.com

Астанада тұрғын үйдің үшінші қабатындағы ашық терезеде жалғыз тұрған бес жасар бала қала тұрғындарын шошытты. Оқиға Сарыарқа ауданындағы Жеңіс даңғылы бойындағы көпқабатты үйде тіркелді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қауіпті сәт: баланың өмірі қыл үстінде тұрды

Куәгерлердің айтуынша, бала терезеден құлап кете ме деп алаңдаған тұрғындар бірден 112 құтқару қызметіне хабар берген. Оқиға орнына шұғыл жеткен Астана қалалық ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы көтеріліп, баланы терезеден ішке кіргізіп, ата-анасына тапсырды.

«Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналардың міндеті. Кішкентай балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыздар!», — делінген ТЖМ-нің ресми хабарламасында.

Балалар қауіпсіздігі: ата-аналар не істеуі керек?

ҚР ТЖМ мамандары тұрғындарға мынадай сақтық шараларын ұстануға кеңес береді:

  • Терезелерге қорғаныс торлары мен бекіткіштер орнату
  • Терезе алдындағы жиһаздарды алып тастау
  • Балаларды үйде жалғыз қалдырмау
  • Балаларға терезенің қауіпті екенін түсіндіру

Терезеден құлаған балалар: бұрынғы қайғылы оқиғалар

Бұл – Қазақстанда тіркеліп отырған алғашқы оқиға емес. Соңғы жылдары елде балалардың терезеден құлау жағдайлары жиіледі. Мысалы, жақында Павлодарда үш жасар бала терезеден құлап, көз жұмды. Оның анасы 5 жылға сотталуы мүмкі Қайғылы оқиға кезінде балалар үйде жалғыз қалғаны анықталды. Сонымен қатар Ақтауда бес күнде терезеден құлаған үш сәбидің жағдайы ауыр екені хабарланған еді. Одан бұрын Шымкентте үш жасар бүлдіршін бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бала ауыр халде ауруханаға жатқызылды

Жалпы, Қазақстанда жыл басынан бері 13 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Биыл жыл басында Қазақстан құрылыс компанияларына терезелерді бекітетін құрал орнатуды міндеттеген болатын, себебі биіктен құлап кеткен балалардың 80%-ы үйдің терезесінен құлаған.

Серіктес жаңалықтары