$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада жөндеу жұмысына байланысты қандай көшелер жабылды

Астана әкімдігі осыған қатысты түсініктеме берді

Астанада жөндеу жұмысына байланысты қандай көшелер жабылды
Фото: Azattyq Rýhy

Астанадағы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қаладағы бірнеше көшеде құрылыс және жөндеу жұмыстарының басталғанын мәлім етті. Осыған байланысты бірқатар жол учаскесі уақытша жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТОЛЫҒЫМЕН ЖАБЫЛАТЫН КӨШЕЛЕР:

Бұқар Жырау көшесі

  • 20 сәуір – 20 тамыз;
  • Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Қайсенов көшесіне дейін. 
  • Балама қозғалыс кварталішілік жолдар арқылы қамтамасыз етіледі.

Күйші Дина көшесі

  • 9 сәуір – 30 тамыз;
  • Мирас мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейін.

Ж.Молдағалиев көшесі

  • 29 сәуір – 30 тамыз;
  • Е-41 көшесінен Е-32 көшесіне дейін;
  • Қозғалыс балама көшелермен ұйымдастырылған.

ІШІНАРА ЖАБЫЛАТЫН КӨШЕЛЕР:

Ш.Айтматов көшесі

  • 11-17 мамыр;
  • Ж.Молдағалиевтен Ұлы Дала даңғылына дейін.

Арқар көпірі (М1)

  • 10-20 мамыр.

М.Жұмабаев даңғылы

  • 9-17 мамыр;
  • Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейін.

Ш. Бейсекова – Н.Тілендиев қиылысы

  • 1 мамыр – 1 тамыз;
  • Уақытша 6 жолақты қозғалыс ұйымдастырылған.

Ұлы Дала даңғылы

  • 14-17 мамыр;
  • Қабанбай батыр даңғылынан Мәнгілік Елге дейін.

Домалақ ана көшесі

  • 14-22 мамыр;
  • Қорғалжын тас жолынан Қ.Мұхамедханов көшесіне дейін.

Тәуелсіздік даңғылы

  • 15-20 мамыр;
  • Қажымұқан көшесінен Күйші Дина көшесіне дейін.

Фахт бен Абдул Азиз көшесі

  • 12-17 мамыр;
  • К.Байсейітова көшесінен Ш.Бейсекова көшесіне дейін.

ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН АЛДЫН АЛА ЖОСПАРЛАҢЫЗ

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары