17.05.2025, 00:05
Жаңалықтар
Жаңбыр, найзағай, жел: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның кей өңірлерінде өрт қаупі пайда болды
Фото: freepik.com
Қазақстанда ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Жаңбыр, бұршақ, найзағай, екпінді жел болуы мүмкін, сол сияқты жекелеген өңірлерде өрт қаупі бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығын болжап отыр. Метеорологиялық қызметтер әртүрлі өңірлерде жаңбыр, бұршақ, найзағай, екпінді жел және өрт қаупінің жоғары болатынын хабарлады.
- Петропавл: найзағай болады.
- Ақтау: өрт қаупі жоғары.
- Жезқазған: 15-20 м/с жылдамдықпен жел, өрт қаупі жоғары.
- Тараз және Жамбыл облысы: 42°C дейін қатты ыстық, жел және өрт қаупі жоғары.
- Атырау, Ұлытау және Атырау облыстары: найзағай, күшті жел, өрт қаупі жоғары.
- Абай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары: жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және жел.
«Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, өрт қауіпі жоғары аймақтарда сақ болыңыз», - делінген синоптиктер болжамында.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 20:29
23 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды